Блогтардың өзектілігі
Іс жүзінде блогтардың еш қиындығы жоқ. Бұл бар болғаны
ішіндегі материалдары кері хронологиялық тәртіппен берілетін жеке веб-сайт.
Жаңа посттары жоғарыда орналысып, ал беттері төменге сырғып отыратын олар ондағы
өзгерістерді еш қиындықсыз байқап отыруға мүмкіндік береді.
Блогқа кірушілер көп жағдайда авторды идентификациялайды
және басқалардың оқуларына мүмкіндік беретін өзінің түсініктемесін қалдыра
алады. Блогтар өзара гиперсілтеме
арқылы қосылған. Бұл сілтемелер айтары бар кез келген блогердің блогосфера деп
аталатын ғаламдық жүйенің бір бөлігі екендігін білдіреді. Блогтың ең маңызды
көрсеткіші оның сұхбатқа негізделген сипатында. Телефондар, факстар, электронды
пошталар, шапшаң хабарлардың барлығы интернет-форумдар, хабарландыру тақталары
мен чаттар секілді «қатынас алаңын» кеңейте түседі. Бірақ блог пайда болғанға
дейін аталған қатынас құралдарының бірде-бірі компьютері мен интернеті бар бір
адамның әлемнің түрлі жеріндегі адамдармен бір мезгілде ақпарат алысуына
мүмкіндік берген емес.
Кітапханалық блог қазіргі кездің кітапханасы үшін:
• көпшілігі кітапханалық ресми сайттардан гөрі блогтарды
қолайлы көретін, әлеуметтік желілерден тартылған пайдаланушыларға
(оқырмандарға) арналған алаң;
•
кітапхана сайттары үшін қолайсыз, алайда кітапхана блогы
нысанына келетін қатынас құралдары мен әдістерін пайдалану және Интернетте
насихаттау алаңы;
•
пайдаланушыларды тұрақты тартуға және кітапханаға олардың
назарын аударуға мүмкіндік беретін, түрлі тақырыптағы контентті тарта отырып
іздестіру жүйесіне оңтайландырылған (тұрақты түрде қосылып отырылатын)
біріктірілген ресурс құру алаңы;
•
қызметкерлердің жеке бастарының түйсіктері мен
кітапхананың ішкі өмірін жеткізу арқылы пайдаланушымен (оқырманмен) байланыс
орнату;
•
жұртшылыққа кітапхана ұстанымын бейресми түрде жеткізу.
Блог дегеніміз – бір мезгілдегі ресми де, бейресми де ұстаным. Жағдайға қарай кітапхананың
пікірін ресми немесе бейресми түрде түсіндіру;
•
жаңа идеяларды тестілеу алаңы болып табылады.
Мұнымен болған жоқ. Кітапханалық сайтты, блогты,
әлеуметтік желілер мен түрлі медиаларды енгізу кітапхананы ақпараттық
кеңістікте жағымды жағынан сауатты және тиімді көрсете алуға мүмкіндік
береді.
Блогтар
коммуникацияның ең үнемді жолы
болғандықтан бірнеше жүз теңге мен шамалы уақыт қана жоғалта отырып
мыңдаған, жүз мыңдаған адамдарға шығуға болады.
Комментариев нет:
Отправить комментарий