вторник, 18 февраля 2014 г.

Кітапхана блогының мүмкіндіктері


Кез келген кәсіби істе нәтиженің қажет екендігі белгілі, оның үстіне ол көзге көрініп, бәріне белгілі және құжатталған болса, тіпті жақсы. Кітапханалық блогты жүргізгеннен келген пайданы есептеу іс жүзінде мүмкін емес, алайда оның көмегімен атқарылған істерге көз жүгіртіп көруге болады. 
Кітапхана блогы пиар-жарнама құралы ретінде қолданылады. Кітапхана блогы кітапхананың жағымды бейнесін қалыптастыруға және өзін қызықтыратын тұрғындарға қызықты және пайдалы ақпарат ұсына отырып оның ақпараттық өнімдері мен қызметтеріне қолдау көрсетуге бағытталған. Кітапхананың сайты мен блогының арасындағы елеулі айырмашылық ақпаратты беру жолымен ажыратылады. Егер сайт ресми тіркеліп, статистикалық сипатта болса, блог жұртқа көп жақын және пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Кітапхананың көрсетілімі pdf-нысандағы файлда безендірілуі, болмаса ақпарат пен қатар көңіліңді көтерер посттар түрінде берілуі мүмкін. Тікелей қарым-қатынас барысында орныққан бедел оңайлықпен жоғала қоймасы анық.
Кітапхананың ақпараттық ашықтығы кез келген адамның қошеметіне ие. Саған ресми жаңалықтардан естімейтін ақпарат алуға мүмкіндік бергені, оның үстіне оған қатысты сенің жеке пікіріңді білгісі келгені әркімнің де жанына жағатын нәрсе. Тұрғындармен тікелей байланысқа шыққан кітапхана қандай құрметке де ие болса керек.
Өнім (қызмет) немесе кітапхана туралы пікірлер жинау және оларға уақытында жауап беру кітапханалық блогты жүргізудің тамаша уәжі. Сұрақтарға, арыздарға, өтініштер мен шағымдарға жедел және дұрыс жауап беру талай кітапхананың тағдырын сақтап қалары сөзсіз. Интерактив кітапхананың маркетингтік қызметіне де пайдалы, алғашқы нәтижені білу үшін арнайы топ құрудың қажеті жоқ, оны монитордан-ақ көруге болады.
Аудиторияның белсенділігі қатынас түрінің қолайлылығына байланысты. Блог кітапхана жайындағы ресми мәліметтер емес, бірінші жақтан айтылған әңгіме түрінде қабылданады. Әбден өңделген хабарламаны жадында сақтау үшін оқырманға біраз күш жұмсау керек, ал қарапайым тілде айтылған хабар оқырманның есінде еркін сақталып қалады. Егер кітапхана толыққанды ресурс құруға қажетті қаражаты (немесе ықыласы) болмаса, өзіне қажетті аудиторияны өзінің бар екендігі және өзінің қызметтері жайында блогтар арқылы хабардар ете алады. 
Артықшылықтар мұнымен біткен жоқ. Өзінің «Мектеп медиатекасы» атты блогында Елена Ястребцева кітапханалық блогта тағы не істеуге болатындығын көрсетеді, атап айтқанда:  
•        жұмыста кітап мәтіндері мен Веб 2.0 қызметтерін ұштастыра қолдана отырып кітапханалық-ақпараттық сауаттылық (бұл енді ең тамаша ойлардың бірі болса керек, себебі оған қызмет көрсетуді үйретуден бастап кітап оқу мәдениеті мен әдеби шығармаларды зерттеу де кіреді) сабақтарын жүргізу;
•        өз қоры үшін кітап пен басқа да ресурстарды таңдауда тапсырыс беретін пайдаланушылардың нақты қажеттіліктерін ескеру;
•        педагогикалық процеске қатысушы кітапхана пайдаланушыларының блогтарда жаңа ресурстар құрап (бейнематериал, мәтіндер, аудиоматериалдар және т.б.), оларды орналастыру бағытындағы ұмтылыстарына қолдау көрсету;
•        акциялар мен шараларды өткізу үшін кітапханалар өздерінің қажеттіліктері туралы осы блогтарға жазып жүрген педагогикалық процестерге қатысушылардың қажеттіліктерін ескеру;
•        күнтізбеде мектеп пен кітапхананың шаралары туралы ақпаратты көрсету;
•        мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға арналған пайдалы ресурстарға, мазмұны берілген онлайн-ресурстарға сілтемелер келтіру;
•        кітапханалық-ақпараттық сауаттылыққа оқып жүрген оқушылардың үздік шығармашылық жұмыстарын орналастыру;
•        қорды «әдеттен тыс» жүйелеуден қорықпау, мысалы блогта белгі (тэгтер) қою;
кітап пен кітап оқудың қажеттілігінен басқа, безендірудің, анимация мен дыбыстық ақпараттың құндылығын түсіну.

Комментариев нет:

Отправить комментарий